Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбей жатыр

Еуроодақ Беларусь жүк көліктерін өткізбей жатыр
Cурет: 24.kz

Шектеу Одақ аумағынан транзитпен өтетін көліктерге де қолданылады

Беларусь жүк көліктері осы жетінің ішінде, яғни сәуірдің 16-сына дейін Еуропалық Одақ аумағынан шығып кетуі тиіс. Еуроодақ Кеңесінің шешімі осындай, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар24» телеарнасына сілтеме жасап.

Шектеу Одақ аумағынан транзитпен өтетін көліктерге де қолданылады. 

Тек Еуропалық Одаққа почта қызметтерін көрсетіп, мұнай, газ, медицина, дәрі-дәрмек және ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдайтын компанияларға ғана жеңілдік бар.