Eurasia Jastar Cup хоккей турнирі өтпейтін болды

Eurasia Jastar Cup хоккей турнирі өтпейтін болды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан хоккей федерациясы сейсмологиялық жағдайға байланысты Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Сеймологиялық жағдайға, сондай-ақ, қатысушы-командалар мен көрермен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы 1-4 ақпан  аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады» - деп жазылған Қазақстан хоккей федерациясы таратқан хабарламада.

Федерация сондай-ақ турнир ауысатын басқа мерзім жөнінде қосымша хабарланатынын және барлық жанкүйерге сатып алған билетінің құны қайтарылатынын хабарлады.