Зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жобасы іске қосылды

Зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жобасы іске қосылды
Сурет: Rg.ru

Бұл - әзірге пилоттық жоба.

Қазақстан Үкіметі мемлекет азаматтарын контрафактілік өнімнен қорғау мақсатында арнайы пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Almaty-kshamy.kz.

«Тұтынушыларды контрафактілік өнімнен қорғау және «ашық» зергерлік нарық құру үшін асыл тастар мен бағалы металдардан жасалған зергерлік бұйымдарды цифрлық таңбалау жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Пилоттық жобаға тауар өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек сауда өкілдері, ломбардтар қатыса алады. Жобаға қатыса отырып, бизнес-қауымдастық өкілдері таңбалаудың ақпараттық жүйесінің қызметін тегін тексеру, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге интеграциялауды пысықтау, сондай-ақ таңбалау кодтарын енгізудің түрлі тәсілдерін сынақтан өткізу мүмкіндігіне ие болады.