Есентай өзеніне батып бара жатқан жеткіншекті тәртіп сақшылары құтқарып қалды

Есентай өзеніне батып бара жатқан жеткіншекті тәртіп сақшылары құтқарып қалды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

14 жасар баланы көшеде кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары өзенге батып бара жатқан жерінен құтқарып қалды.

Полицейлердің сөзінше, жасөспірім Есентай өзенінің жағасында достарымен қыдырып жүрген. Ол арнайы қоршау арқылы арғы жағаға өтпекші болғанда сүрініп, суға құлап кеткен. Батып бара жатқан баланы көріп, құқық қорғау қыметкерлері жедел әрекет етіп, дер кезінде құтқарып қалған, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Қазір зардап шегушінің жағдайы жақсы.

"Аяғым тайып, құлап кеттім. Қатты қорықтым. Бағыма орай, тәртіп сақшылары құтқарып қалды", - дейді жасөспірім.
"Дер кезінде керек жерден табыла білген тәртіп сақшыларына алғыс айтамын. Полицейлердің арқасында балам аман қалды", - деді жасөспірімнің анасы.