Алматыда жоғалған қыз Көкшетаудан табылды

Алматыда жоғалған қыз Көкшетаудан табылды
Сурет: Qadam.asia

Полицейлер оны бір ай бойы іздеген.

Оның жоғалғаны туралы  хабар 12 мамырда түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, 12 мамырда Түрксіб аудандық полиция басқармасына 17 жастағы қыздың жоғалғаны туралы хабар түскен. Тәртіп сақшылары оны қала аумағынан іздеген. Сондай-ақ, республика бойынша барлық полицейге суреті мен деректері таратылды.

«8 маусымда Көкшетау қаласының полицейлері жоғалған адамға ұқсас қызды көріп, жеке құжатын тексерген. Ол Ақмола облысының орталығында жігітімен бірге жүрген», - дейді тәртіп сақшылары.

Қалалық полиция басқармасы бірден Алматыға хабарласып, ата-анасына айтқан. Жауап алу кезінде қыз бен жігіт Көкшетауға әдейі қашып кеткенін айтты.

Екеуі үйден алыс жерге кетуге тырысқан. Кәмелет жасқа толмаған қыз туыстарына тапсырылды.