Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Еgemen.kz

Жиында мал шаруашылығын дамыту жайы сөз болмақ.

Сейсенбі, 13 маусымда, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде:

  1. 2023 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы;
  2. мал шаруашылығын дамыту.

Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасынан, Facebook, Twitter әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Сондай-ақ онлайн-трансляция UKIMET Telegram-каналында жүреді.