Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасына қатысты пікір білдірді

Ерлан Қошанов әйелдердің зейнет жасына қатысты пікір білдірді
google.com

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету үшін мемлекеттік қаржы мүмкіндігін ескеру керек. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

«Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі бұл бағытта мемлекеттің мүмкіншілігін де қарау керек. Қазіргі кезде тиісті талап-тілектер айтылып жатыр, оның барлығын білеміз. Өңірлерге барған кезде де бұл ұсыныстар айтылды. Осы мәселеге қатысты ұсыныстарды пысықтау керек. Ол бойынша Үкімет, тиісті құзыретті орган жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте қандай нәтиже болатынын алдағы уақытта көреміз», – деді Мәжіліс төрағасы.