Ерлан Қарин референдум маңызын талқылады

Ерлан Қарин референдум маңызын талқылады
Сурет: Ort.com

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс тұрғындарымен кездесті. Ол алдымен Оқушылар сарайында болып, облыстың түрлі саладағы кәсіпкерлері, шаруашылық басшыларымен кездесті Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлан Қарин алдымен облыс активімен жолықты. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жоба­лардың орындалуы жа­йында баян­дады. Өз кезегін­де Мемлекеттік хатшы алдағы конституциялық реформа­ның негізгі бағыттары туралы айтты. Сондай-ақ жүзеге асырылатын реформа халықтың елді басқару ісіне араласуын арттыруға және саяси про­цестерді демократияландыру ісін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беретініне назар аударды.

Облыстық әкімдіктегі келесі кездесуінде ол қоғамдық бел­сенділер, ҮЕҰ, кеңестер мүше­лерімен кездесті. Соңғы кездесуін С.Мұқанов атын­дағы облыстық әмбебап кітап­хана­да жалғастырып, жастар өкілдерімен, белсенділері­мен кездесті. Ерлан Қарин елі­міз­дің алдында тұрған ма­ңыз­ды іс-шара – референ­дум туралы кең көлемде түсі­­ніктер берді. Мемле­кет бас­­шысы ұсынып отырған Конс­­­титуцияға енгізілетін өзгеріс­тер елді демокра­тия­лан­дыруға жасалған батыл қадам екені айтылды. Өз­геріс­ке түсетін 33 баптың әр­қай­сына кеңінен тоқталып, әрқай­сының маңызын жеткіз­ді. Соның ішінде конститу­ция­лық соттың қайтадан қал­пы­на келтірілуінің қарапа­йым адамдардың құқығын қорғаудағы маңызы туралы айтты. «Бұрынғы Конституциялық Кеңеске тек Президент қана қайырылуға құқылы болса, енді Конституциялық Сотқа Пре­зи­дент те, Премьер-Ми­нистр де, депутаттар да және қарапайым адамдар да қайырылуға қол жеткізетін болады. Бұл әрбір адамның өз құқын қорғауына мол мүмкіндік береді. Ал адам құқы жөніндегі өкіл тіпті сот «арыздануға болмайды» деп шығарған үкімді де Конс­титуциялық Соттың қарауы­­на ұсына алады», деді ол. Мем­лекеттік хатшы сайлау ту­ралы өзгерістерге жеке-жеке тоқталып, олардың маңыз­дылығын да жете түсіндіріп берді. Президенттің саяси партияға мүше болмауы туралы да айтты. Конституцияға енгізілетін жаңа өзгерістерді Пре­зиденттің Екінші Респуб­ликаға тең болады деп бағала­ғандығы туралы да терең түсініктер берді.

Мемлекеттік хатшыға отыр­ғандар көптеген сұрақ қойды. Соның ішінде Ассамб­лея­­­ның құқына қатысты сұрақ­тар да болды. Сонымен бірге жер­­гілікті мәселелер туралы өңір­­лер де өзіндік референдум­дар өткізуіне бола ма деген сияқ­ты мәселелер де алға тартылды.

Өңірге жұмыс сапары барысында Мемлекеттік хатшы өңірдегі жас­тар ұйымдарының белсенділері­мен де кездесті. Онда жас ұрпақ­тың қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуын арттыру және жастарға қатысты жобаларды қолдау мәселе­лері қозғалды. Кездесу қорытын­дысы бойынша Ерлан Қарин жас­тардың референдум мен саяси реформаларға үлкен қызығушылық танытып отырғанын атап айтты.

Жалпы алғанда, облыс жұрт­­шылығы елімізде атқары­лып жат­қан саяси жаңғыру үдеріс­­терін жіті бақылап отыр­ғанын айтып, қолға алынған реформаларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді.