Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ерлан Қарин елордадағы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
сурет: Аkorda.kz

Шараға қатысушылар қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Астана қаласындағы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоғын қойып, тағзым етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ азаматтық қоғам және белсенді жастар өкілдері қатысты.

Шараға қатысушылар соғыста жеңіс үшін күрескен жауынгерлердің ерен ерлігін бір минуттық үнсіздікпен еске алып, қазақстандық майдангерлерге құрмет көрсетті.