Ерекше нұсқаулық ел ықыласына бөленді

Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға арналған ұшу алдындағы нұсқаулықтың бірегей форматын ұсынды. Онда қауіпсіздік ережелерін дәстүрлі түсіндіру әдісі еліміздің тарихы мен мәдениетінің өзіндік ерекшеліктерімен әдемі үндесіп отыр. Түсіру алаңы ретінде еліміздегі кең танымал 7 туристік орын таңдалған: «Медеу-Шымбұлақ» аспалы жолы, «Медеу» биік таудағы мұз айдыны, Каспий теңізі, Іле өзеніндегі Номад бекінісі, EXPO халықаралық көрме орталығы, Астана қаласындағы «Атырау» көпірі және «Байқоңыр» ғарыш айлағы. Түсірілім орындары көз тартарлық әдіспен ауысып отырады: елорданың қайнаған өмірі Бозжыра шатқалының ғарыштық ландшафтарымен алмасып, ары қарай Іле Алатауының ұшар шыңын қар басқан беткейлері мен Көлсай көлдерінің айдына жалғасады, одан кейінгі кадрлары Шарын шатқалының бойы мен Алтын Емел табиғи паркінің көшпелі құмдарына ауысқан ролик соңында ұлттық тасымалдаушының стильденген логотипімен аяқталады. Режиссеры – Айсұлтан Сеитов. Композиторы – Эмиль Досов.