Ерболат Досаев мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесіне қатысты пікір білдірді

Ерболат Досаев мектеп оқушыларын тегін тамақтандыру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Сурет: Іz.ru

1 қыркүйектен бастап Алматыда алғаш рет бастауыш сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен алғашқы бірлескен жиында мегаполис басшысы Ерболат Досаев мектеп оқушыларының тегін тамақтандыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Алматыда 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру енгізілді. Балаға күніне 560 теңге есептеледі. Алайда, бүгінгі күні бұл сома жұмыс пен тамақ дайындауға кететін шығынды есептемегенде тек тамаққа ғана жетеді. Пандемиядан бері кәсіпкерлер балаларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін несие алып жатыр. Алдын ала төлем мәселесін қарастыруға бола ма?» - деп сұрады кәсіпкерлер.

Әкім бұл мәселенің өзектілігін атап өтті.

«1 қыркүйектен бастап қаламызда алғаш рет балаларымыз – бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қолға алдық. Мен мұны жариялаған кезде, бизнесмендер жұмыстың көп болатынын түсінуі керек деп ойладым. Жауапты құрылымдар бюджетті қалыптастыруда нарықтық бағаға бағытталған. Бірақ сіздің сұрағыңыз дұрыс тезис болып көрінеді, өйткені бұл бағалаулар сәуір айында жүргізілген. Келесі жылдың бюджетін жасақтау кезінде алдын ала төлеу мәселесін зерттеп, қарастырамыз», - деп жауап берді Ерболат Досаев.