ЕО коронавирусқа қарсы жаңа Pfizer және Moderna вакциналарын сертификаттады

ЕО коронавирусқа қарсы жаңа Pfizer және Moderna вакциналарын сертификаттады
Сурет: AP Photo / Ariel Schalit

Бұл препараттардың жаппай қолданылу-қолданылмауы әлі белгісіз

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі коронавирусқа қарсы тағы екі вакцина — Pfizer және Moderna препараттарын сертификаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа  сілтеме жасап.

Бұлар - осы жылы пандемияның кең етек алуына себепкер болған омикрон штамымен күресуге бейімделген вакциналар.

Euronews сайтының мәліметінше, сертификатталған препараттар инфекцияның әуелгі нұсқасына қарсы да тиімді екені айтылды. Сарапшылар осы вакциналар вирустың бұдан кейінгі де мутацияларынан жақсы қорғай алатынына сенім артып отыр.

Бұл препараттардың жаппай қолданылу-қолданылмауы әлі белгісіз. Еуропалық агенттік соңғы дозаны алғаннан кейін кемінде үш айдан кейін ревакцинация жүргізуді ұсынады.