Енді Арыстанбектің әйелі де күдікке ілінді...

Енді Арыстанбектің әйелі де күдікке ілінді...
Сурет: Inbusiness.kz

Мұхамедиұлының жұбайы аса ірі көлемде пара беруге оқталуы бойынша күдікті деп танылды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттік органдардың қызметіне байланысты қандай да бір мәселені шешу сылтауымен алаяқтықтың, оның ішінде пара беруге итермелеуге алып келетін алаяқтықтың жалғасып жатқан жағдайларына баса назар аударады.

Осындай жағдайларда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласуды немесе осындай фактілер туралы 1424 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлауды сұраймыз.