Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайтын болады

Енді 4 ЖОО ректорын Үкімет тағайындайтын болады
Сурет: ашық дереккөз

Мәдениет және спорт министрі «Бірінші басшыларын ҚР Үкіметі лауазымға тағайындайтын және босататын мемлекеттік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, енді мына оқу орындарының басшыларын Үкімет тағайындайды:

- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысын;

- Қазақ ұлттық өнер университетінің басшысын;

- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшысын;

- Қазақ ұлттық хореография академиясының басшысын.

Айта кетейік, бұған дейін аталған оқу орындарының ректорлары Президент өкімімен тағайындалатын.

Бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 5 тамызда күшіне енеді.