«Еңбек» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін

«Еңбек» футбол клубы қайта құрылуы мүмкін
Сурет: Ria.ru

Ұлытау облысында  футболды дамыту перспективалары қандай?

1967 жылы құрылып, 1997 жылы таратылған «Еңбек» футбол клубы Ұлытау облысында қайта құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Аймақ басшысының орынбасары Ғ.Құсманғали Қазақстан футбол федерациясының президенті А. Барменқұловпен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдегі футболды дамыту перспективалары талқыланған.

«Атап айтқанда, тараптар балалар футболын дамытудың, кадрлар даярлаудың, инфрақұрылым құрудың, сондай-ақ «Еңбек» клубын жандандырудың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша облыста футболды дамытудың бірлескен бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды»,- деп жазылған хабарламада.