«Эмми» жүлдесімен марапаттау рәсімі кейінге шегерілді

«Эмми» жүлдесімен марапаттау  рәсімі кейінге шегерілді
Сурет: ашық дереккөз

АҚШ-та соңғы 22 жылда алғаш рет "Эмми" жүлдесімен марапаттау рәсімін кейінге қалдырды.

Бұған актёрлер мен сценаристердің жалғасып жатқан ереуілі себеп болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл бұл шара 18-қыркүйекте өтуге тиіс болатын. "Эмми" жүлдесі телевизия саласындағы Оскар баламасы саналады. Соңғы рет 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған лаңкестік шабуылдан кейін бұл шара өтпей қалған еді. Еске сала кетейік, осы айдың ортасында сценаристер ереуіліне актерлер қосылды.