Бокс сарапшысы Қамшыбектің әлем чемпионы болатынын айтты

Бокс сарапшысы Қамшыбектің әлем чемпионы болатынын айтты
Сурет: Рrosports.kz

Boxing.PL ​​порталының редакторы Марек Кудек ауыр салмақта әлем чемпионы атануы мүмкін боксшылардың тізімін жариялады

Аталған тізімде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Рrosports.kz-ке сілтеме жасап

Сарапшының ойынша, Қамшыбектің әлем чемпионы болуға толық мүмкіндігі бар. 

«Жаңа толқын келе жатыр. Мына топта кемінде екеуі ауыр салмақтағы болашақ чемпион», - деп жазды ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Қоңқабаев британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуіне ие болды.  Сонымен қатар, ол Токио Олимпиадасында қола медаль алды.