Елімізде жыл басынан бері 181 мыңға жуық рейдтік тексеру жүргізілген

Елімізде жыл басынан бері 181 мыңға жуық рейдтік тексеру жүргізілген
Сурет: Otyrar.kz

Карантин шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік және қаржылық жауапкершілік жүктеледі


Ағымдағы жыл басынан бері санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, әкімдіктердің, қоғам белсенділері мен полиция қызметтерінің өкілдері мемлекеттік органдар айқындаған санитарлық-карантиндік іс-шараларды сақтау тұрғысынан ШОБ объектілеріне мониторинг жүргізу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабардар етті.

Мониторинг негізінен қоғамдық тамақтану, сауда нысандары, сонымен қатар адамдардың көп шоғырлануымен бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарды қамтиды.

Ағымдағы жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында еліміздің барлық өңірлері бойынша 180 998 рейдтік тексеру жүргізілді, 975 124 объект қамтылды. Оның ішінде карантин талаптарын бұзушылық 26 667 (2,7%) нысанда анықталды. Соның ішінде басым бөлігі ШҚО-да (5 344), Түркістан (4 399), Қарағанды (1 660) облыстарында, Алматы (3 906), Шымкент (2 452), Нұр-Сұлтан (1 580) қалаларында тіркелді.

Негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, қонаққа бару кезінде шектеу режимінің сақталмауы, карантиндік режим талаптарына жауап бермейтін бұқаралық іс-шаралар өткізу.

4 067 жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 3 742 ұйғарым берілді, 392 материал сотқа жолданды, 113 нысанның қызметі тоқтатылды. Әкімшілік санкциялар 15 086 нысанға және 9 833 жеке тұлғаға салынды, жалпы сомасы 2 млрд. теңгеден астам айыппұл өндірілді.