Елімізде 6,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді

Елімізде 6,6 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді
Сурет: Vestikarelii.ru

Бұл - 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіш, үй санымен есептегенде 56 мың баспана.

 2021 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі барлық өңірде ұлғайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

 Атырау (188,1%), Қостанай (120,9%), Жамбыл (114,9%), Шығыс Қазақстан (110,5%) және Қарағанды (110%) облыстары көш басында.

 «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл 17 млн ш.м жаңа тұрғын үй немесе 163 мың баспана салу жоспарланып отыр. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен - 1,4 млн м2 тұрғын үй немесе 48,3 мың пәтер салынады.

 «Нұрлы жер» бағдарламасының мақсаты – баспананың қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту.

 Ол үшін келесі тетіктер қолданылады:

* ипотекалық тұрғын үй қарыздарын субсидиялау,

* құрылыс салушылардың қарыздарын субсидиялау,

* құрылыс учаскелеріне инженерлік-техникалық инфрақұрылым тарту, оның ішінде жеке құрылысқа арналған аудандар да қамтылады.