Елімізде 2 млрд түп ағаш егу қажет

Елімізде 2 млрд түп ағаш егу қажет
Egemen Qazaqstan

Экологтардың айтуынша, ағаш отырғызу жаһандық жылыну процесін тоқтатуға септігін тигізеді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Бүгінднрі  елімізде ағаш отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар қай аймаққа қандай ағаш отырғызуға болатынын анықтап, зерттеу жасауда. Мысалы Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлеріне сексеуіл отырғызылып жатыр.

– Енді 2 миллиард ағаш егіп, Қазақстанның көмкерілген орман аумағын 5%-ке жеткізу мақсат. Бұл елімізге өте қажет. Себебі елдегі 100% аумақты алатын болсақ, небәрі 4,8 проценті ғана орманды алқапты алып отыр. Осындай аумағы бар ел үшін бұл аз. Елімізді жасыл желекке айналдырсақ, экологияның жақсаруына пайдалы болмақ, - дейді Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының сарапшысы Сәкен Ділдахмет.