Елімізде 12 жасқа толмаған балаларға вакцина салынбайды

Елімізде 12 жасқа толмаған балаларға вакцина салынбайды
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлім етті

Оның айтуынша ата-анасы қалап тұрса да 12 жасқа толмаған балаларға екпе егілмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өйткені Америкадан тапсырыспен алдырып жатқан «Пфайзер» вакцинасының мына дозасы тек 12 жасқа толған балаларға арналған екен. Біз білеміз, мұхиттың арғы бетіндегі елдер 5 жасқа толған балаларға екпе салуды бастап кеткен. Қазақстан әзірге ондай қадамға бара қойған жоқ. Егер қажеттілік туындап жатса ғана 5 жасқа толған балаларға арналған екпеге тапсырыс береміз деді. 

«Қазақстанда тіркелген «Пфайзер» вакцинасы тек 12 жасқа толған балаларға арналған. Одан төмен жастағыларға салуға болмайды. Дозасы сай келмейді. Америкада коронавирусқа қарсы вакцинаны 5 жастағы балаларға да салып жатқанын білеміз. Бірақ оның мөлшері мүлдем бөлек. Сондықтан екеуін шатастыруға болмайды», - дейді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.