Елордада футболдан Қазақстан кубогы өтпек

Елордада футболдан Қазақстан кубогы өтпек
Сурет: Мediasat.info

Ел кубогынан жарыс болмақ

Футболдан Қазақстан кубогының финалы 28 қарашада елордада өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Финалда Алматының «Қайрат» мен Қаарғандының «Шахтері» кездеседі. Жартылай финалда «Қайрат» «Астананы» , «Шахтер» «Тобылды» орта жолда қалдырып кетті.

Сондай-ақ, Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінге дейін «Қайрат» 9 мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал «Шахтер» 2013 жылы бір мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді.