Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп қайтыс болды

Елорда вокзалында жолсерік токқа түсіп қайтыс болды
Cурет: Ашық дереккөз

Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласындағы ескі вокзалда пойыз жолсерігі тоққа түсіп қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми мәлімдемеге сүйенсек, аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес (Еңбекті қорғау ережесінің сақмалмауынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру) Нұр-Сұлтан стансасындағы желілік полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта төтенше оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

 «Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптары бойынша тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды», - дейді ведомстводан.