Елорда тұрғыны полицейлерге әмиянын тауып бергені үшін алғыс айтты

Елорда тұрғыны полицейлерге әмиянын тауып бергені үшін алғыс айтты
Яндекс.Дзен

Елорда тұрғыны үш жыл бойы баласының еміне деп жинаған ақшасы жоғалтып, оны полиция тауып берді деп хабарлайды almaty-akshamy.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны Нұр-Сұлтан қалалық ПД «Есіл» аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне алғыс айтты. Олар ақшасы мен құжаты салынған әмиянды тауып, иесіне қайтарып берді. Ер адам кешкі уақытта сауда-ойын-сауық кешенінде жүріп, ірі сомадағы ақшасы бар әмиянын түсіріп алған. Онда үш жыл бойы баласының еміне деп жинаған ақшасы болған.

Ол полицияға өтініш жазды. Іздеу шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарып берді.