Биыл елімізде ана өлімі 3,5 есе төмендеді

Биыл елімізде ана өлімі 3,5 есе төмендеді
Сурет: Ашық дереккөз

Елімізде ана өлімі 3,5 еседен астам азайды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, халықтың жалпы өлімін 28%-ға (28,51) төмендетуге қол жеткізілді.

«Бұл ретте қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштері шамамен 32%-ға, қатерлі ісік 9%-ға, жарақаттар 4%-ға, тыныс алу ағзалары ауруларынан болатын өлім 33%-ға, ал туберкулезден болатын өлім 17%-ға төмендегені байқалады», - делінген хабарламада.