Еліміздің тоғыз өңірінде үсік жүріп, тұман түседі

Еліміздің тоғыз өңірінде үсік жүріп, тұман түседі
Сурет: Ашық дереккөз

Жетісу облысында суық ауа температурасы сақталады

22 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде суық ауа температурасы сақталады: -1-6 °C. Талдықорғанда түнде суық болады: -4-6°C.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.  түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.