Еліміздің шахматшы қыздары Үндістан мен Мысырды жеңді

Еліміздің шахматшы қыздары Үндістан мен Мысырды жеңді
Cурет: Kzchessfederation

Польшаның Быдгощ қаласында жылдам шахматтан (рапид) әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды.

ҚР шахмат федерациясының мәліметінше, турнирге 12 команда қатысуда. Олар екі топқа бөлінген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қыздарымыз Грузия, Украина, Үндістан, Франция және Мысырмен ойнайды. Алдын ала өткен турнирлердің қорытындысы бойынша екі үздік команда анықталады. Олар кубок жүйесі бойынша 1-4 орындарды өзара бөліспек.

Бірінші кездесуде қазақстандық шахматшылар Мысыр құрамасын 3:1 есебімен жеңді (Бибісара Асаубаева мен Меруерт Камалиденова жеңіске жетті, ал Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова ойындарын тең аяқтады).

Екінші айналымда біздің құрама Үндістан командасын ұтты. Жеңіс ұпайын Әмина Қайырбекова әкелді.

Енді Франция мен Украина командаларымен өтетін келесі екі матч өте маңызды болмақ.