Еліміздің болашағы бүгінгі күндей жарқырай берсін!

Еліміздің болашағы бүгінгі күндей жарқырай берсін!
almaty-akshamy.kz

Баршамыз тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Мен Жетісу ауданы №536 сайлау учаскесінде өз таңдауымды жасадым. Дауыс беруге келушілердің көңіл-күйі өте жақсы. Тіпті ерте келіп дауыс берген тұрғынға сайлау учаскесінің төрағасы арнайы сыйлықтар әзірлеп қойыпты.

Сайлау учаскесі барлық құрал-жабдықтармен қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы пандустары да бар екен.  

Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосу – әрбір адамның азаматтық борышы. Мен үшін бұл сайлаудың маңызы жоғары. Референдумға елдің ертеңі үшін келдім. Саяси сындарлы сәтті пайдаланып, өз даусымды бердім. Алғаш рет конституциялық реформа тікелей бүкілхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып отыр. Сондықтан, оған еліміздің барлық азаматтарының қатысуы маңызды. Еліміздің болашағы бүгінгі күндей жарқырай берсін!