Тәуелсіз бақылаушылар референдумның өту барысына баға берді

Тәуелсіз бақылаушылар референдумның өту барысына баға берді
exk.kz

«Қоғамдық жоба мекемесі» ҚБ директоры, Алматы қаласы «Бақылаушылар мектебінің» жетекшісі Александр Братенков және ҚР Фрайчазинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков қалалық дауыс беру орталықтарындағы жағдайға баға берді деп хабарлайдлы almaty-akshamy.kz

- Алматылықтар жоғары көңіл-күймен дауыс беріп жатқандығына куә болып жатырмыз. Қала тұрғындарының белсенділігі қуантады. Жастар да, егде жастағы кісілер де таңертеңнен бастап сайлау учаскілеріне баруда. Бұл адамдардың саналы түрге дауыс беріп, өз болашақтарын өзгерткісі келетінін көрсетеді. Мен жеке өзім аралаған дауыс беру орталықтарының дайындық деңгейін жоғары бағаладым. Барлық учаскілерде қызу жұмыс жүруде, – деді  ҚР Фрайчазинг қауымдастығының президенті Бекнұр Кисиков.

- «Бақылаушылар мектебі - 2022» Алматы қаласында 1,5 мыңнан астам тәуелсіз бақылаушы дайындады. Дайындық барысында барлық тәуелсіз бақылаушылар қажетті нұсқаулықтар алды. Олар қаланың 574 сайлау учаскісінің барлығында дауыс берудің заңдылығын бақылайтын болады. Референдум – бұл шынайы демократияға апаратын қадамдардың бірі. Сондықтан қоғамдық бірлестіктердің атынан барған бақылаушылар өз жұмысын жауапкершілікпен кәсіби түрде орындайды деп сенемін, – деді «Қоғамдық жоба мекемесі» ҚБ директоры, Алматы қаласы «Бақылаушылар мектебінің» жетекшісі Александр Братенков.