Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inform.kz

Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

28 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

28 қаңтарда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарда күші 15-20, екпіні 23 м/с.

28 қаңтарда түстен кейін Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман сақталады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді. 28 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

28 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы -15-20 м/с.

28 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, ал 29 қаңтарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 29 қаңтарда екпіні 23-28 м/с жетеді.