Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Ossaprimavera.ru/

«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.Бұл туралы хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

24 шілдеде Атырау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батысында жел соғады, найзағай кезінде жылдамдығы15-20 м/с.

24 шілдеде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Оралда күндіз 24 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

24 шілдеде Ақтөбе облысының түнде батысында, орталығында, күндіз солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады.

Ақтөбеде 24 шілде күні күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

24 шілдеде Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Күндіз 44 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 24 шілдеде кей уақытта шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 18 м/с. Күндіз 41 градус ыстық. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 24 шілдеде Қостанай облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

24 шілдеде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с болады.

Ақтауда 24 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

24 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 шілдеде таңертең және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан таңертең және күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20, екпіні 25 м/с.

Өскеменде 24 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

24 шілдеде Абай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Kүндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады.

Семейде 24 шілдеде күндіз найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

24 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда 24 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 24-28 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 40-43 градус ыстық болады.

Күндіз 24-28 шілдеде Конаевта 40-43 градус өте қатты ыстық болады.

Күндіз 24-28 шілдеде Алматы қаласында 36-38 градус ыстық болады.

Күндіз 24-26 шілдеде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 41-43 градус өте қатты ыстық болады.

Талдықорғанда 24-26 шілдеде күндіз 36-38 градус ыстық сақталады.

Күндіз 24-26 шілдеде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде 44 градус ыстық сақталады.

Таразда күндіз 25-26 шілдеде 41-43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

23-26 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі күтіледі.

24-25 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық болады.

Түркістанда 23-25 шілдеде күндіз 45 градус өте қатты ыстық болады.

25 шілдеде күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 23-24 шілдеде күндіз облыстың тау асуларында, 25 шілдеде солтүстігінде және таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

23-25 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус қатты ыстық болады.

Шымкентте 23-25 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.

22-24 шілдеде Жамбыл облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 22 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда, күндіз 23, тәулік бойы 24 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 24 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады.

22-24 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда күндіз 22-24 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 24 шілдеде 40 градус қатты ыстық болады. 22-24 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.