Еліміздің бірқатар қалаларында бүгін автобустар тегін жүреді

Еліміздің бірқатар қалаларында бүгін автобустар тегін жүреді
Сурет: Egemen.kz

Қоғамдық көліктер бүгін жолақысыз жүреді.

Бүгін елордада қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетеді. Автобустар таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жолаушыларды ақысыз тасымалдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ал дүйсенбіден бастап, қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ бүгін Алматы, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Орал, Түркістан, Семей және Талдықорған қалаларында автобустар тегін жүреді.