Еліміздің бес облысында жаңа көліктерге сұраныс жоғары

Еліміздің бес облысында жаңа көліктерге сұраныс жоғары
Сурет: Tengrinews.kz

Алматыда сұраныс 17%-дан 15,9%-ға дейін азайды.

Еліміздің бес облысында жаңа көліктерге сұраныс жоғары, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

2022 жылдың қаңтарында республиканың бес облысында жаңа көліктерге сұраныс қайталама нарықтағы көліктерге қарағанда жоғары болды.

Мәселен, Нұр-Сұлтанда 3 жылға дейінгі 2339 автокөлік және 20 жылдан асқан 2006 автокөлік тіркелген. Ал Қостанай облысында бұл көрсеткіштер сәйкесінше 614 және 461 автокөлікті құрады. Ақтөбеде – 485 және 48 көлік, яғни, айырмашылық 10 есе. Атырауда – 589 және 316 авто болса,  Батыс Қазақстанда – 3 жылға дейінгі 698 көлік, ал 20 жылдан асқан 16 авто тіркелген. Мұнда да айырмашылық 43,6 есе жоғары.  БҚО-да 3 жылға дейін тізгінделген автокөліктердің жалпы тіркеу көлеміндегі үлесі 34,6%-ды, Нұр-Сұлтанда – 31%-ды, Атырау облысында - 28,3%-ды құрады.

Бұл ретте республика бойынша орташа көрсеткіш 18% шамасында.  Егер солтүстік-батыс аймақтарда жаңа көліктердің үлесі артып жатса, онда оңтүстікте жағдай керісінше. 2021 жылдың қаңтарымен салыстырғанда Алматы облысында мұндай көліктің үлесі 6,4%-дан 4,6%-ға төмендеді. Түркістан облысында жаңа көліктерге сұраныс 8,2%-дан 8%-ға дейін, Алматыда 17%-дан 15,9%-ға дейін азайды. Шығыс Қазақстан облысында көрсеткіш 12,4%-дан 10,4%-ға төмендеді.