Еліміздің басым бөлігінде қарлы боран болады

Еліміздің басым бөлігінде қарлы боран болады
Сурет: Aif.ru

Болжамға сәйкес, жел күшейеді, тұман, көктайғақ болады.

Синоптиктер 2023 жылдың 10 ақпанында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы, бұрқасындатқан қар жауады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республиканың оңтүстігі мен шығысында қар жауады, оңтүстік-шығыста жауын-шашын, кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады.

"Тек Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз", - делінген хабарламада.