Еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қолайлы болады

Еліміздің барлық қаласында ауа сапасы қолайлы болады
Сурет: Massaget.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

21 мамырда барлық қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.