Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: Қайрат Қоныспаев

«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында екпіні секундына 20 метрге дейін жел тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандар Республика бойынша тұман мен көктайғақ болады деп отыр.

Қазірдің өзінде боран мен көктайғаққа байланысты Атырау, Жетісу, Батыс Қазақстан облыстарында республикалық маңызы бар 5 жол учаскесіне шектеу қойылды. Аталған учаскелерге142 бірлік техникасы мен 178 адам жұмылдырылды.