Еліміздегі телеарналардың хабар таратуы нашарлауы мүмкін

Еліміздегі телеарналардың хабар таратуы нашарлауы мүмкін
Сурет: интернеттен

Телеарналардың хабар таратуында бұған дейін де проблема болған.

Бұған күзгі күн интерференциясы кезеңінің өтуі себеп болып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

"Компания 8-16 қазан аралығында күзгі күн кедергісі кезеңінің өтуі және байланыс және хабар тарату арналарының сапасының нашарлауы мүмкін екендігі туралы хабарлайды", делінген хабарламада.

Бұған дейін де телеарналарды таратуда проблемалар болған. Қыркүйектің 15-і күні қазақстандық телеарналар хабар таратуды тоқтатты.

ICRIAP Ай мен Жердің көлеңкелі аймақтарының ұзақ өтуіне байланысты KazSat-3 байланыс ғарыш аппаратының аккумуляторлық блоктары зарядсызданғанын түсіндірді. Соның салдарынан спутниктік телерадио хабарларын тарату және спутниктік мәліметтерді беру бойынша қолданыстағы қызмет уақытша тоқтатылды.