Елімізде жыл сайын 1,5 млн текше метр ағаш кесіледі

Елімізде жыл сайын 1,5 млн текше метр ағаш кесіледі
Сурет: Іnform.kz

Негізі Қазақстан ағаш қоры аз мемлекеттер қатарына кіреді.

Оның 70 пайызға жуығы отын, қалғаны өндірістік мақсатқа пайдаланылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ел аумағының 5 пайызы ғана - орманды алқап.

Сондықтан тұрғындар тұтас ормандар жойылып жатыр деп дабыл қағып, жөн-жосықсыз кесіліп жатқанына наразы.

Ақ қайыңдар өлкесі Солтүстік Қазақстанда 546 мың гектар орманды алқап бар, оның 6 мыңнан астам гектары жыл сайын отынға және өндірістік мақсатқа кесіледі. Ал егілетіні 1 мың гектарға да жетпейді.

Одан бөлек, заңды тұлғалар бір текше метр қайыңды жаздырып алу үшін 2900 теңге төлейді. Отын дайындаушылар оны кем дегенде 10 мың теңгеге сатып, еселеп пайда табады.