Елімізде «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда

Елімізде  «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда
Сурет: Gov.kz

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстарындағы 145 жеке тұрғын үйден, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарындағы 46 аула аумағынан су сору жұмыстары жүргізуде.

Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 412 адам эвакуацияланды, оның ішінде 134 бала. Оның 323-і Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалады, 80-і Ақтөбе және Қостанай облыстарының тұрғындары туыстарында, 9-ы Түркістан облысының тұрғындары үйлеріне оралды.

ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 122 мыңнан астам текше метр еріген су сорылды, 24 мыңнан астам қап және 47 670 тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан 3000-нан астам адам, 1200-ге жуық бірлік техника, 400-ге жуық бірлік су айдау және жүзу құралы, 2 әуе кемесі жұмылдырылды.

Республикалық және облыстық жедел штабтар, сондай-ақ «Жедел желі» телефондары жұмысын жалғастыруда: ТЖМ 8 717 2 70 41 14, Ақтөбе облысы ТЖД 8 713 2 54 86 57, Батыс Қазақстан облысы ТЖД 8 711 2 55 40 88, Қостанай облысы ТЖД 8 714 2 50 19 60, Ақмола облысы ТЖД 8 716 2 52 55 14. Өткен тәулікте 134 қоңырау түсті.

Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.