Елімізде жасөспірім қыздардың 60%-ы темекі шегеді - Денсаулық сақтау министрі

Елімізде жасөспірім қыздардың 60%-ы темекі шегеді - Денсаулық сақтау министрі
Сурет: Aif.ru

Үкімет отырысында Қазақстандықтардың темекі шегу мен ішімдік ішу статистикасы белгілі болды

Бұл туралы еліміздің бас дәрігері Ажар Ғинаят Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу деректеріне сүйене отырып баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Еліміздің бас дәрігері бұл туралы Үкімет отырысында мәлімдеді. Зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанда 15 жастан асқан ересек адамдардың арасында темекі шегу (GATS - 2019 жыл) – 21,5%, бұл ретте ер адамдар арасында 38%-дан астамы, әйелдер арасында 6,4%-ы темекі шегеді. 

«Сонымен, 15 жастағы оқушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижелері бойынша (НВЅС – 2018 жыл) ұлдардың арасында – 10%, қыздардың 6%-ы темекі шегеді. 

Жасөспірімдердің арасында электрондық сигареттерге деген әуестік жоғары. Осылайша, ұлдардың арасында 15 жасында қызғыш темекіні тұтынушылар – 14%, қыздардың арасында 6%», - деді Ажар Ғиният.

Осы зерттеулер бойынша ер адамдар үшін алкогольді тұтыну деңгейі жылына 25 литр, әйелдер үшін шамамен 9 литр екен.

«Өкінішке қарай, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан алкогольдік ішімдіктерді тұтыну деңгейі жоғары елдерге жатады (ДДҰ деректері бойынша Қазақстан әлемде 10-шы орын алады). Көп жағдайда халықтың жол-көлік оқиғалары, жарақаттар, зорлық-зомбылықтан болған өлім, улану, суға бату және т.б. сияқты сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіштері алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың салдары болып отыр», - деді Ажар Ғиният.  

Айта кетейік, Қазақстан Орталық Азия мен Еуропаның дұрыс тамақтанбайтын 21 елінің арасында 9-орында тұр.