Елімізде жаңа заманауи емханалар саны артады

Елімізде жаңа заманауи емханалар саны артады
Сурет: Qazaqtv.com

Нысандар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында пайда болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, орталықтар Joint Commission International халықаралық талаптарын ескере отырып, жаһандық сапа стандарттарына сәйкестендіріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.

Ғылыми-инновациялық көпсалалы клиникалар келесі жылдың басында ашылады. Елімізде жаңа фармацевтикалық кәсіпорындардың құрылысы да жоспарланған. Түрік инвесторлары бұл жобаларды жүзеге асыруға 60 млн долларға жуық қаржы бөлуді көздеп отыр.

Жаңа зауыттар клиникалық зерттеулер жүргізуге, антибиотиктер, қабынуға қарсы препараттарды және қатерлі ісік ауруларын емдеуге арналған препараттарды шығаруға мүмкіндік береді. Еске сала кетейік, салалық ведомствода 2026 жылға қарай қазақстандық нарықтағы отандық фармацевтикалық өнімдер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісінің үлесін 50%-ке жеткізуді жоспарлаған.