Елімізде сүт өндірісі артады

Елімізде сүт өндірісі артады
Сурет: Kazaknews.kz

Жыл соңына дейін елде 65 сүт фермасы салынады.

Ол үшін бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қазір Қазақстан сүт өнімдерінің импортына тәуелді. Жыл сайын шетелден шамамен 600 мың тонна тауар келеді. Мұны ведомства шикізат тапшылығы, және қымбатшылықпен байланыстырып отыр. Одан бөлек қант өндірісін де, ұлғайту жоспарланып жатыр. Жауаптылардың айтуынша, бұл бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

«Биылғы қант қызылшасының алқабы 60 пайызға артып отыр. Былтырғы 10-12 мың гектардан 18 мсың гектарға жетіп отыр. Әрине, қант саласын дамыту жол картасы бойынша, өз өзімізді қантпен қамтамасыз ету деңгейін 53 мың тоннадан 250 мың тоннаға детіп отырмыз. Әрине бұл бағаны тұрақтандыруға әсер етеді», - дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.