Елімізде сүт өндіретін 65 жаңа кешен салынады

Елімізде сүт өндіретін 65 жаңа кешен салынады
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Қазір елімізде 6 миллион тоннадан астам сүт сауылса, оның 2 миллион тоннаға жуығы ғана өңделеді.

Бұл 30 пайызға да жетпейді. Сондықтан Президент билығы жолдауда өңдеуді 70 пайызға жеткізуді тапсырған болатын. Парламент мәжілісінің депуттатары Шығыс Қазақстан облысында көшпелі кеңес өткізіп, өңірдегі осы саланың еңбеккерлерімен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір арнайы бағдарлама әзірлеп жатыр. Соның аясында жыл сайын бұл салаға 100 миллиард теңге бөлініп, 65 сүт өндіру кешенін салу жоспарланған. Ал биылдан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеке кәсіпкерлерге берілетін жеңілдетілген несисенің сомасы да көбейді.

«Мына ауылдағы уақ-ұсақ фермалар бар ғой. Соларға кем дегенде жеке баста кәсіпкер болса, 7-8 миллион теңгеге дейін, егер бастары біріксе 38-40 миллион ға дейін жаңағы несие алуға болады, 2,5 пайызбен. Ол өте қолжетімді. Соны тек қана жергілікті атқарушы органдар нақты қолға алып, жүзеге асыру керек», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев.