Елімізде онлайн-микрокредит берудің тәртіптері күшейтілуде

Елімізде онлайн-микрокредит берудің тәртіптері күшейтілуде
Сурет: Dopo.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

"Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті. Яғни, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.Сонымен бірге, биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті, - делінген хабарламада.