Елімізде нан бағасы көтеріле ме?

Елімізде нан бағасы көтеріле ме?
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда егіннің түсімінің төмендігінен нан бағасының өсуі мүмкін бе, деген сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жауап берді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«Біз нені қадағалаймыз? әлеуметтік маңызы бар өнімдерді. Оған бірінші сортты ұн және одан жасалған нан, яғни әлеуметтік нан. Әлеуметтік нанның бағасы, қазір тұрақты. Естеріңізде болса, өткен жылы астық бағасы 85-90 мың теңгеге (тоннасы) болса, бір жыл бұрын нанның бағасы 80 мың теңгеге дейін жеткен. Өткен жылы жағдай тұрақты болды. Нарыққа әсер ету шаралары қарастырылған. Біз әлеуметтік нан өндіру үшін арзандатылған ұнды өңірлерге жөнелтеміз. Әлеуметтік нан бағасы тұрақты. Нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ», - деді Азат Сұлтанов KazAgro-2023 халықаралық көрмесінің аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-министрден басқа нан түрлері мен ұн өнімдерінің бағасы туралы сұрады.

«Премиум деп аталатын нан бар, айталық, глютенсіз, түрлі қоспалары бар нан, картоп қосылған нан бар. Сол сияқты круассандар, тоқаштар тағы сол сияқты. Аталған кондитерлік өнімдердің бағасын мемлекет реттемейді. Бұл жерде өндіруші нарыққа бейімделеді. Кондитерлік өнімдер басқа сортты ұннан жасалады және оларға қосатын түрлі қоспалар бар», - дейді министрдің орынбасары.