Елімізде мыңнан аса вандализм дерегі тіркелді

Елімізде мыңнан аса вандализм дерегі тіркелді
Сурет: Astanatv.kz

Вандализмге қарсы күресті күшейту қажет.

Мәжіліс депутаты Сергей Понамарёв мәдени-тарихи ескерткіштерді қорлауға жол бермеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның дерегінше, елімізде 25 мыңнан астам тарихи нысан бар. Оның 12 мыңнан астамы ескерткіш. Бүгінде тәртіп бұзушылар 50-ден 100 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді. 160 сағат қоғамдық жұмысқа тарту немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Депутат мәдени мұраны қорлағандарға бұл жаза аз деп есептейді. Әрі тәртіп бұзушылар азаймай тұр. Жыл басынан бері елімізде 1200-ден аса вандализм фактісі тіркелді.

«Ескерткішті қорлап, табиғи парктерде де заңбұзушылық жасаушылар көбейді. Заң қатаңдатылғанымен, онымен күрес жұмыстары баяу жүріп жатыр. Ішкі істер министрі 28 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату қажет болған. Алайда, оны 18 мың камераға дейін азайтыпты. Вандализм әкімшілік қана емес, қылмыстық іс. Онымен күрес жұмыстарын күшейту қажет», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Понамарев.