Елімізде мал басы 4,1%-ға көбейді

Елімізде мал басы 4,1%-ға көбейді
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанда биылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қой саны 25,9 млн басты құрады.

2022 жылдың қаңтар-мамыр аралығымен салыстырғанда мал басы 4,1%-ға өскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сай, ең көп саны Түркістан облысында – 5,9 млн бас. Одан кейін тізім басында Жамбыл және Алматы облыстары: сәйкесінше 3,9 млн және 3,2 млн бас.

Шопан ата түлегінің ең көп өсімі елордада тіркелді – 39,4%-ға. Алматыда керісінше қой басы 21,6% азайған.

Айта кетейік, қойдың 48% халықтың жекежайында, тағы 47%-ы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының, қалған 5%-ы  шаруашылық кәсіпорындардың қолында.

Сонымен қатар биылғы 5 айда ешкілердің саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7%-ға артып, 3,2 млн басты құрады.