Елімізде күн күрт ысиды

Елімізде күн күрт ысиды
Сурет: Inbusiness.kz

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнайды, екпінді жел, жаңбыр күтіледі. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжайды. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда түнде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

«Еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 жылыға дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 жылы болады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 22-30 градус жылы ауа райы сақталады», - делінген хабарламада.