Елімізде қатерлі ісікке шалдығушылар көбейген

Елімізде қатерлі ісікке шалдығушылар көбейген
Сурет: Om1.ru

Қауіпті кеселге ұшырағандардың 59%-і - еңбекке қабілетті жастағылар.

Былтыр обыр ауруына шалдығудың 36 140 жағдай тіркелген.  Сондай-ақ елде өлім-жітім бойынша қатерлі ісіктен қайтыс болу өкпе обырына ұшырағандар арасында басым, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Сондықтан дәрігерлер ісікті ерте диагностикалау өте маңызды екенін айтып отыр. Онкологиялық науқастарды емдеуге жылына 66 млрд астам теңге бөлінеді. "Уақытылы скринингтік тексеруден өту керек. Бұл қандай кеселдің болсын алдын алуға зор мүмкіндік береді", - дейді дәрігерлер.