Қор нарығында доллар бір теңгеге арзандады

Қор нарығында доллар бір теңгеге арзандады
Сурет: Kapital.kz.

Бір доллар 448,19 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,80 теңгеге арзандады. 1 доллар 448, 19 теңге болды. Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 450,17 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 452, 78 теңге, сатып алу – 457, 95 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 451, 88 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 455, 70 теңге. Еске салсақ, кеше доллар ортша 449 теңгеден саудаланған еді.